25.02.2022, 18:00
Оқылды: 201

Президент Антикорға елден кеткен қаржыны қайтаруға ерекше назар аударуды тапсырды

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.

220225184728907e

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

2202251846532584g

Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Сонымен қатар Президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.

2202251846552185g

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале