10.07.2022, 9:19
Оқылды: 234

Президент Елена Рыбакинаға халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.

B830ACFB-6565-4435-A1A1-348152545B69.jpeg

Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале