6.12.2023, 10:45
Оқылды: 103

Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтің қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады.

letter

«Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиевтің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.
Нәжімеден Ықсанұлы еліміздің өркендеуіне күш-жігерін жұмсап, ұзақ жылдар бойы абыроймен адал қызмет істеген тұлға.
Ғибратты ғұмыр кешіп, кең пейілмен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Нәжімеден Ықсанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды.
Марқұмның иманы саламат, жаны жаннатта болсын» делінген көңіл айту хатында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале