20.11.2022, 13:53
Оқылды: 101

Президент сайлауы маңызды науқан

Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауда Батыс Қазақстан облысында 505 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.

InShot_20221120_135155695

Саяси шарада өңір жастары алдыңғы лектен көрінді. Оралдағы Н.Назарбаев даңғылы, 123 мекен жайындағы №268 сайлау учаскесінен дауыс берген Лора Бақбергенова жастар үшін сайлаудың қаншалықты маңызды екендігін айтты.

-Мен екінші рет дауыс бердім.  ҚР президентін сайлау мен үшін өте маңызды. Өйткені біздің мемлекетіміздің барлық жетістіктерінің артында президент тұрады. Мемлекет басшысы елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Жауапкершілігі аса жоғары қызмет. Біздің болашағымыз мықты басшымен тікелей байланысты, - дейді Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің IV курст студенті Лора.

Динара Тілекқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале