4.03.2022, 16:45
Оқылды: 83

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

 ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210303175750594e (1)

Дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл 2022 жылы академияға түсудің ережелерін, талаптарын, жаңашылдықтар мен академияда білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Еске салайық, академияға оқуға түсуге құжаттар 2022 жылдың 1 наурызында басталды, 23 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттар онлайн форматта академияның арнайы ақпарат жүйесінде қабылданады. Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 10 магистратура бағдарламасы және 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Мамандарды даярлауға бөлінген биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 132 орынды құрайды, оның ішінде 120 орын – магистратура, 12 орын – докторантураға қарастырылған.

Академияда оқудың бірқатар артықшылықтары бар:

- үш тілде оқыту: қазақ, орыс, ағылшын, оның ішінде кейіннен сертификаттау мүмкіндігімен күшейтілген тілдік даярлық:

Professional English for International Relations, дипломатқа арналған француз тілі (MIR);

- жекелеген пәндер бойынша дәрістер беру үшін жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшыларды, мемлекеттік басқару және дипломатиялық қызмет саласындағы практик мамандарды тарту;

- әлеуметтік және кәсіби нетворкингтің дамуы, өзара оқыту (peer learning);

- академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі;

- шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында, халықаралық ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен жетекші дипломатиялық мектептерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;

- серіктес жоғары оқу орындары базасында 2 дипломдық білім алу мүмкіндігі (АҚШ, БАӘ)

- MPA, EMPA, MPP, ME бағдарламалары үшін;

- жұмыс орны мен лауазымының сақталуы, үздіксіз еңбек өтілі;

- қызметтік жалақы көлемінде стипендия;

- жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйден бөлме беру.

Талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар - мемлекеттік органның жолдамасы қажет, ол болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші жолдаманы академияға оқуға алдын ала қабылдау қорытындылары бойынша ұсына алады.

Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS немесе TOEFL немесе IELTS INDIСATOR, APTIS**, TOEIC, PIPPLET) магистратураға - IELTS кемінде 4,0 (В1), EMBA бағдарламасына – IELTS кемінде 5,5, докторантураға - IELTS кемінде 5,5 (В2), сонымен қатар, мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттардың бірі, QazResmiTest немесе Қазтест (В1 деңгейінен төмен емес) қажет.

Магистратураға түсу үшін мемлекеттік қызметшілер үшін кемінде 2 жыл, докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы - негізгі талап.

Академияда оқуға түсу үшін дайындық курстары қарастырылған, олар сәуір айының басынан маусым айының соңына дейін жүргізіледі.

Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу кезінде академия ашықтық, парасат және клиентке бағдарлану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале