22.06.2022, 12:15
Оқылды: 129

Президенттен - алғысхат

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында референдум қорытындысы бойынша облыстық штаб мүшелерін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғысхаттарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

WhatsApp Image 2022-06-22 at 08.38.44

«AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев референдумға дауыс берушілердің бейжай қарамағанына ризашылық білдіріп, облыстық штаб мүшелеріне алғысын айтты.

– Маусымның 5-і күні елімізде маңызы зор жұмыс атқарылды. Президенттің тапсырмасымен жүргізілген сайлау науқанында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да белсенділік танытты. Бұл науқанға партиямыздың да қосқан үлесі бар екені белгілі. Сонымен қатар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген азаматтарды ерекше атап өтуге болады, – деді Мұрат Мұқаев.

WhatsApp Image 2022-06-22 at 12.16.22 (2)

 Дөңгелек үстел басына жиналған штаб мүшелері алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар көкейлеріндегі ойларын қысқа әрі нақты етіп жеткізді.

Мемлекет басшысы алғысхатта партиялықтардың конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруда қосқан үлесі мен белсене қатысқаны үшін алғысын айтқан.

WhatsApp Image 2022-06-22 at 12.16.22 (1)

-Референдум өту барысында көптеген сұрақ болды. Алғашында Конституцияға өзгеріс енгізілетінін тұрғындарға айтқанда «Бұл жүзеге аса ма?» деген сынды сауалдардың қойылғаны жасырын емес. Жалпы осындай өзгерістерге бәріміз бір кісідей атсалысуға міндеттіміз. Сондықтан елдің дамуы үшін, жаңа кезеңге өтуі үшін өзгерісті өзімізден бастауымыз керек деп ойлаймын. Әркім өз үлесін қосса, қадамдарымыз оң нәтиже берер еді, – дейді Орал қалалық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлан Рахымжанов.

WhatsApp Image 2022-06-22 at 12.16.22

 

                        Аманжол Исламғали

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале