8.06.2021, 22:40
Оқылды: 439

Президенттің көмекшісі Т.Дүйсенова өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты

БҚО-да ҚР Президентінің Көмекшісі – ҚР ПӘ өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен болды.

4C494DD0-DCFB-4213-AB48-8AAA861B8F3C

Президент 2020 жылы 29 маусымда қол қойған ҚР Әкімшілік ресімдік-процессуалдық кодексі биылғы 1-шілдеден бастап күшіне енеді (ӘРПК). Жаңа Кодекс – Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Концепциясының іргелі нормативтік құжаты. ӘРПК мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен жұмыс парадигмасын түбегейлі өзгертеді.

7F1AB726-AF2E-499F-8A3A-C9480D7008CF

Президент көмекшісі өңірдегі белсенді азаматтармен, қала, аудан және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Онда Т.Дүйсенова мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

БҚО-ға жұмыс сапары барысында Президенттің көмекшісі облыс әкімі Ғали Есқалиевпен және аудан әкімдерімен, аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен, Орал қаласының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Сондай-ақ ҮЕҰ, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен, көп балалы аналармен, ардагерлермен, БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Тамара Дүйсенова сондай-ақ қалалық ХҚКО мен Бәйтерек ауданындағы «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты, ауылдық округ әкімдерімен, жұртшылықпен кездесу өтті.

2A171FBD-E8DC-427C-919B-921958BE9F72

Іссапар тобының құрамында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері болды.

6276BDB9-BFEA-46C1-9AB5-9756C530BBEC

Жаңа ӘРПК-ке сәйкес, өтініш беруші «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өз өтінішінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын көріп отыруға мүмкіндік алады, дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну құқығына ие болады. Өтініш беруші мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, оның жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге, одан кейін шешім қабылдаған мемлекеттік органды талап арызбен сотқа беруге құқығы бар.  

7FC302B3-1F8C-4E34-9ACD-33508497C1AC

Азаматтар мен бизнес өкілдерінің талап арызын арнайы әкімшілік соттар мемлекеттік органдардың «кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша қарайтын болады. Яғни өтініш беруші емес, мемлекеттік орган өзі қабылдаған шешімінің немесе берген жауабының дұрыстығын дәлелдеп, негіздейтін болады. Сырғытпа жауап беру мен созбалаңға салу тек орындаушы қызметкердің емес, сонымен бірге бүкіл мемлекеттік органның жауапкершілігінің пәні болады. Сынықты сылтау қылып, болмашы себептермен талап арыздарды кері қайтару тәжірибесін тоқтату үшін, сот өтініш берушілерге талап арызды дұрыс жазуға көмектесетін болады. Судья «белсенді» және «сөйлеуші» болады, арызданушыға мүддесін қорғауда көмектеседі.

AB80AEF4-418F-4D24-8239-AD44D290C8C3

Әкімшілік әділет жүйесін құру ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесінде бар және Латвия, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және басқа елдерде сәтті іске асырылуда.
ABE2BFE4-F51E-4612-9FBB-2E218CB5EF98

Жаңа ұстанымдарға сәйкес, азаматтардың өтініштерін қарау жүйесінің инфраструктурасы да өзгертілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Бас прокуратура мен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесін әзірлеп,  қолданысқа енгізуде.

9518AE39-0AAD-46DE-85DC-6FE7776F466A

«е-Өтініш» – өтінішті қараудың бүкіл тарихы сақталатын біртұтас база,  ол барлық мемлекеттік және сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге қолжетімді болады.     

1-шілдеден бастап кезең-кезеңмен «е–Өтініш»-ке өту басталады, ол бойынша азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады.

35B72A3B-9239-46E6-95F0-5D19857E48D2

Автор өз өтінішінің қаралу барысын көріп отырады, өтініштерді қарау мерзімі 30-дан 15 күнге қысқартылады.  

Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100% ақпараттық жүйеге қосылған, ел көлемінде пилоттық қолдану басталды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале