11.01.2022, 15:20
Оқылды: 96

Президенттің  тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған әрбір бастамасын қолдауға үндеймін - Шалқыма Құрманалина

БҚО ҚХА «Аналар кеңесінің» төрайымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина – Мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін мұқият тыңдадым.

38

Президенттің халықтың алдына қойып отырған ауқымды міндеттері үлкен реформаларды талап етеді. Қоғам алдында ірі мақсат, орындайтын ауқымды міндеттер бар. Мемлекет басшысының әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмалары көп. Жалпы бүгінгі сөзі ерекше де өзгеше салмақты айтылы деп санаймын.

Біз, аналар, еліміздегі тыныштықты қалаймыз. Кешегі елде болған қайғылы оқиғалар көп ойға қалдырды. Өзімнің ана, ұстаз, адам ретінде көптеген сұрағым бар. Президент өз сөзінде халқымыздың тыныштығын бұзбақ болған террористік топтарды, бұзақыларды айтты. Ал біз болса, күні бүгінге дейін бейқам өмірде жүрдік. Сондықтан бұл «Қасіретті қаңтардан» біздің халықтың сабақ алатын тұстары бар. Президенттің дер кезінде шара қолданып, уақытылы шешім қабылдағанының арқасында елдегі тәртіпсіздің тоқтады. «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет», – деді мемлекет басшысы. Халқымызда «Сақтансаң, сақтармын» деген бар. Күшімізді біріктіріп, іргемізді нығайтуымыз керек. Негізгі міндет – азаматтарды, конституциялық құрылымды және мемлекет мүддесін қорғау. Күштік құрылымдарды түбегейлі реформалау бағытын іске асыруды қамтамасыз ету үшін Президент тұтастай алғанда күштік құрылымдардың, атап айтқанда арнайы мақсаттағы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырма берді. Мемлекет басшысы айтып өткендей, полицияның құқықтық қорғалуын да күшейту маңызды. Құқық қорғау органдары мен Қарулы күштерді күшейту, реформалау бойынша барлық шаралар халықты сыртқы қауіп-қатерден қорғауға бағытталған. Сондықтан Президент шекара қызметін күшейтудің және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Біз, аналар, бейбіт өмірді, тұрақтылықты қалаймыз. Сондықтан ел-жұртты ауызбіршілікке шақырып, бүгінгі тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған Президенттің әрбір бастамасын қолдауға үндейміз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале