30.12.2021, 9:40
Оқылды: 52

Путин мен Лукашенко келіссөздерден кейін бой жазып, хоккей ойнады

Владимир Путин мен Александр Лукашенко Санкт-Петербургтегі үш сағатқа созылған келіссөздерден кейін мұз айдынға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

d1f229f8a16044cc8961efb62370e22d

Ria_kremlin pool Telegram арнасы Ресей мен Беларусь президенттері бір командада ақ түсті киімде ойнағанын нақтылайды.

Хоккейден жолдастық кездесу Стрельндағы "Манеж" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мұз айдынында өтті.

Путин 11 нөмірін, Лукашенко 1 нөмірін тағынған.

Путин мен Лукашенко Санкт-Петербургте келіссөздер жүргізді. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Тараптар Одақ мемлекет шеңберіндегі ынтымақтастықты, санкцияларды, ТМД елдері көшбасшыларының бейресми саммитінің нәтижелерін, сондай-ақ 2022 жылы Беларусь аумағында әскери оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін талқылады.

Ойын 18:7 есебімен президенттер ойнаған команда -.ақ түстілердің пайдасына шешілді.

Александр Лукашенко екі шайба соқса, оның ұлы Коля төртеуін қақпаға кіргізе алды, ал Владимир Путин ең көп гол соқты, оның еншісінде - жеті шайба.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале