22.09.2022, 14:30
Оқылды: 75

Путин ядролық қару қолдануы мүмкін екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3

Ресей басшысы Вашингтон, Лондон және Брюссель Киевті Ресейге қарсы әскери операция ұйымдастыруға итермелеп жатқанын айтты.

"Осындай мәлімдемелерге жол беретіндерге, біздің елде де түрлі қырып-жою құралдары бар екенін еске салғым келеді. Ал жеке құрамдас бөліктеріне келетін болсақ біздегілер НАТО елдеріне қарағанда заманауи. Біз халқымызды қорғау үшін қолымыздағы барлық құралдарды пайдаланамыз. Бұл блеф емес. Ресей азаматтары Отанымыздың аумақтық тұтастығына, тәуелсіздігіміз бен бостандығымызға сенімді болуы керек.

Тағы атап өтемін: қолымыздағы барлық құралдармен. Ал бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысатындар желдің де өз бағытына бұрылуы мүмкін екенін білуі керек", - деді Ресей президенті халыққа жолдауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале