16.08.2023, 16:30
Оқылды: 80

«Q-net» қаржы пирамидасына 75 миллион теңге салған

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  «Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

ЖП ақша

Агенттіктің хабарлауынша, тергеу барысында іс бойынша бес айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды.

Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Қазіргі таңда бес тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.

Тергеу барысында 27,7 млн теңге болатын мүлік алынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале