18.01.2024, 11:45
Оқылды: 67

«Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы сотталды

«Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП ақша

Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша, өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті тергеп, тексеріс жүргізген.

Г.Жумагазинаның 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шетелге қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрап отыр.

Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Барлық салымшының салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале