30.12.2019, 11:09
Оқылды: 235

«React мектебіне» қабылдау басталмақ

Ақ Жайық өңірін цифрландыру бойынша бірнеше жобаның тұсауы кесілді. Орал қаласындағы ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені мен «ИнфоДата» ЖШС арасында «React мектебі» жобасы бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты – бағдарламалауға, бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін әзірлеуге, маркетингке оқыту және өңірдің ІТ білім беру саласын дамыту үшін ынтымақтастық орнату.

- Жобаны дайындауда Азия елдеріндегі тәжірибе қолданылды. Онда цифрлық технология қарыштап дамыған және электронды жүйені дайындаушылары әлемге танымал. «React мектебіне» оқуға қабылдау 2020 жылдың ақпан айынан бастап жүргізіледі. Алғашқы легі шілде айында шығарылмақ. Бұл курсты тәмамдаған түлектер тамыз айынан бастап мамандықтары бойынша Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ елдеріндегі IT фирмаларға қызметке тұра алады. Ал ол мемлекеттерде бұл деңгеймен  аптасына 1500 доллар қаржы табады,- деді маркетолог, «Инфо-Дата» ЖШС-ның директоры Әлімжан Бисембаев.

bisembaev

React – бұл бағдарламалаудың ең заманауи тілі, бағдарлама негізінде инстаграм, фейсбуктің қосымшасы дайындалған. React мектебінің өңір жастарына арналған курсынан білім алушылар 5-6 айда компьютерлік бағдарламалаудың алғашқы деңгейін меңгеретін болады.

ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімовтың айтуынша, бұл жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оқыту үрдістері ҚазИИТУ базасында жүзеге аспақ.

Меморандумға қол қою рәсіміне арнайы қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев IT мамандарының бүгінде сүранысқа ие екендігін, әсіресе облыс елді-мекендерінде цифрлық жүйені дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол аудан-ауылдардағы мобильді байланысты және жалпы цифрлық эко-жүйені дамытатын, технологияны меңгерген жас кәсіпкерлерді дайындау жұмысын ширату қажеттігін айтты.

0063c96b-67c6-4fe6-98b1-092851584006

33a72734-3ee7-4044-af92-5789648b682e

                                                                           Гүлсезім БИЯШЕВА,

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале