31.05.2022, 11:15
Оқылды: 90

Референдум – 2022: БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен оның аудандық филиалдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Конституциялық реформа аясында қарастырылған бастамаларын халыққа түсіндіруге белсенді қатысуда.

03

Елімізде 5 маусымда Республикалық референдум өтетіні белгілі. Қазақстандықтарға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты өз таңдауларын білдіруге тура келеді. Конституциялық реформа бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:

- суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу;

- бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу;

- Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту;

- халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту.

Облыстық референдумға дайындық штабының құрамына кіретін БҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері осы бастамалардың әрқайсысының мазмұнын түсіндіреді.

ӨКП директоры Нұржан Мақсотов пен өңірлік кеңес мүшесі Тұрарбек Тілемісов "Жайық Таза Қала" ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу кәсіпорын қызметкерлерін Конституциялық реформа аясында Президент белгілеген міндеттер туралы ақпараттандыруға арналды.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана әкімдеріне, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарына кандидаттарды сайлау тәртібі мен рәсіміне байланысты ұсынылып отырған жаңалықтар еңбекшілердің негізгі қызығушылығын тудырды.

Атап айтқанда, егер қазіргі уақытта облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі лауазымына тағайындауды Президент бір кандидатура негізінде жүзеге асыратын болса, онда жаңашылдықпен баламалылық көзделген (екі және одан да көп кандидатуралардан).

Мәслихаттардың (ауданның, қаланың, облыстың) депутаттарын сайлау аралас жүйе бойынша өткізілетін болады. Сонымен қатар сайлаушылар бір немесе басқа депутатты шақырып алып, оның орнына басқасын таңдай алады.

Ұсынылып отырған жаңа өзгерістер халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту шеңберінде көзделген және "Жайық Таза Қала" ЖШС ұжымына мынадай норма ерекше шабыт берді:

- "Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады".

БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Конституциялық реформаның бесінші бағыты – азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге егжей-тегжейлі тоқталды. Заңнамалық бастамалармен Конституциялық Кеңесті Конституциялық сотқа қайта құру көзделеді, онда азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің елдің Негізгі заңы – Конституцияға сәйкестігі туралы өтініштері де қаралатын болады.

Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту шеңберінде барлығы алты бастама, оның ішінде өлім жазасына тыйым салу көзделеді.

Облыстық партия штабының мүшелері кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап бере отырып, еңбекшілерді Конституциялық реформаға қатысуға шақырды, бұл сөзсіз белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі болып табылады.

Еңбек ұжымдарымен осындай кездесулерді БҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдарының директорлары да жастар мен еңбек ардагерлері арасында ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық штабтар құрамында өткізеді.

ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшелері Конституциялық реформаларға арналған "Атамекен" ҰКП-ның ZOOM-конференциясына қатысты, онда кәсіпкерлік субъектілері ұсынылып отырған жаңа енгізілімдер шеңберінде бизнесті дамыту перспективаларын талқылады.

Алдағы референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары БҚО Кәсіпкерлер палатасының ұжымында да жүргізілді. Палата қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, ұсынылып отырған жаңашылдықтар мемлекеттілік негіздерін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале