11.03.2026, 10:00
Оқылды: 91

Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

img_1189 (1)
 Сурет: Egemen.kz

Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде референдум өткізу мәселелері бойынша арнайы штаб құрылған.

«Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмен болуына байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктері жанындағы, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы учаскелер бар», деді СІМ ресми өкілі.

Осылайша референдум кезінде 54 елде 71 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелдегі сайлаушылардың жалпы саны 14 230 адамды құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале