24.05.2022, 10:15
Оқылды: 95

Референдум – халық үні

Тілекқабыл Сағынов, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, еңбек ардагері, Орал қаласының тұрғыны:

 

3

– «Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа» деген аталарымыздан қалған ұлағатты сөз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 мамырда Қазақстан халқына арнаған үндеуінде 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетіні айтылды. Уақыт өте келе, заман өзгерістеріне сәйкес 27 жылдан соң алдағы жаңашыл бағытта Ата заңға енгізілетін түзетулер мен өзгертулердің бағыт-бағдарында 33 бапқа толықтырулар енгізу қажет. Депутаттардың, заңгерлер мен жеке тұрғындардың пікірлері ескерілді. Референдум өткізудегі басты мақсат халықтың үні мен пікірлерін ескере отырып, елдің әлеуетін арттыруға, халыққа жақсылық жасауға айшықталған деп түсінемін. Кейбір өзгерістерді айтуға негіз бар. Конституцияға 43-бабтың 4-тармағына «Президенттің жақын туыстарын басшылық қызметке алынбау туралы» қосылады. 42-баптың 5-тармағы, 46-баптың 4-тармағы және 91-бап «Тұңғыш Президентке қатысты мәртебесі», яғни түзетулер жобасына сәйкес, Тұңғыш Президент, оның мәртебесі мен өкілеттіктері туралы барлық норма толығымен алынып тасталды. Билік өкілдігіне сәйкес Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайтуға шешім қабылданды. Оның 5 депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайламайды, ұсынатын болады. Жалпы, Мәжіліс депутаттар саны 107-ден 98-ге азайды. Заңда сайлаулар жөнінде, жер қойнауы, су, өсімдік, жануарлар дүниесі мен табиғат ресурстары халыққа тиесілі екендігі айтылады. Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі жетілдірілген.

Бұл – әрбір адамның ой-арманы, мақсаты мен мүддесі. Референдумның қадірін түсініп, сайлау учаскесіне келіп, өзіміздің құқығымызды толық пайдаланалық. Ел тағдырын айқындайтын маңызды шараға қатысуға шақырамын!

Дулат Жүсіпқалиев, қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы:

4

– Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформаларды іске асыруға үлес қосу – біздің әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Қазақстанның әрбір азаматы өз пікірін емін-еркін білдіруге құқылы. Біз Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз! Бұл – азаматтардың сенімін ақтайтын дұрыс қадам. Саяси науқан кезінде бар күш-жігерімізді салып, нақты нәтиже көрсетуіміз керек.

Қазіргі таңда белсенді жастар қалалық штаб құрамына енді. Олар барлық ЖОО, АОО студенттерімен, жалпы жастармен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, референдумның маңыздылығын жеткізуге бек тырысуда. Штаб қатарына ірі үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар мен ардагерлер қауымдастығы өкілдері, этномәдени орталықтардың жетекшілері біріктірілді. Әлеуметтік желіде жастар арасында «Жаңа Қазақстан, Жаңарған – Мен!» челленджі бастау алды. Челлендж ұйымдастырудағы мақсатымыз – Президенттің бастамасын қолдап, жаңа әділетті мемлекетті қалыптастыру жолына жастарды жұмылдыру. Өйткені жастар – қоғамның қозғаушы күші!

Жаңа Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазатын, бірге талқылайтын, бірге шешім қабылдайтын сәт келді! Сондықтан референдумға белсенді түрде қатысып, азаматтық позициямызды, ой-пікірімізді жеткізейік!

Мейірбек Бисенғалиев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастарды қолдау бөлімінің басшысы:

2

– Елімізде жеке тұлғалардың, азаматтардың ой-пікірі алға тартылып, жаңа жүйе қалыптасуда. Яғни жұмыс жасаймын, шаруамды дөңгелетемін, мақсатыма қол жеткіземін дегендерге мүмкіндік мол. Президент халықтың ой еркіндігі мен сөз еркіндігін шектемеуді көздеп отыр. Халық өзінің тағдырын өзі шешуі қажет.

Елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қойған мемлекет басшысы маңызды шешімдер қабылдауда. 5 маусым күні әрбір қазақстандық азаматтық борышын орындап, референдумға қатысуы керек. Ел болашағы үшін идея-ойларымызды ашық айтып, батыл қадам жасайық!

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале