10.11.2021, 15:30
Оқылды: 143

Ресей нөмірлі көлік мінген қазақстандық 5 жылға сотталды

Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған көлік жүргізуші бір отбасының үш мүшесін қағып кетіп, олар оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2021111011474089633_img_4514

- 2021 жылғы 7 сәуірде сағат 14:00 шамасында Атбасар ауданы Борисовка ауылы маңындағы "Атбасар-Көкшетау" бағытындағы автожолдың 177 шақырымында ресейлік нөмірлі "Богдан 2110" маркалы автокөлік жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шықты. Нәтижесінде үш көлік соқтығып, оқиға орнында бір отбасының үш мүшесі: "Volkswagen Passat" көлігінің жүргізушісі және екі жолаушы алған жарақаттардан қайтыс болды, деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

"Gaz 330252-0244" автокөлігінің жолаушысы жарақат алған. Іс материалдары сотқа жіберілді.

- Атбасар аудандық сотының үкімімен "Богдан 2110" маркалы автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп қосты Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале