10.02.2022, 9:40
Оқылды: 45

Ресейде коронавирусқа қарсы антиденелер туралы сертификат беріле бастайды

Ресейде коронавирусқа қарсы антиденелер туралы сертификат беріле бастайды. Әлемде індетті жұқтырғандар саны 400 миллионға жуықтады. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220209191654618e

COVID-19 індетінен айыққан ресейліктер 21 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы антиденелер туралы сертификат алады, деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен. Тестілеу нәтижелері Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталына енгізіледі. Антиденелерге арналған сертификаттың әрекет ету мерзімі тест нәтижесін алған күннен бастап алты айды құрайды.

Сонымен қатар, QR-кодта емделуші туралы толық ақпарат болады: екпелері, вакцинацияға қарсы көрсетілімдері және антиденелердің деңгейі.

Анықтама электронды үкімет сайтындағы пациенттің жеке кабинетінде «COVID-19-ға қарсы иммундау туралы ақпарат» бөлімінде көрсетіледі. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 400 миллионнан асты. Қайтыс болғандар саны 5 761 208-ге жетті.

Бұл статистика университеттің ғылыми-зерттеу жобасы аясында алынып отыр, ол нақты уақыт режимінде барлық елдерден эпидемия деректерін бақылайды. Осылайша, 2021 жылдың 26 қаңтарында әлемде COVID-19 расталған жағдайлары 100 миллионнан асса, 4 тамызда – 200 миллион, 2022 жылдың 6 қаңтарында 300 миллионға жетті. Бүгінгі күні олардың саны 400 миллионға жуық.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале