4.01.2024, 17:15
Оқылды: 51

Республикалық олимпиадаға батысқазақстандық 628 оқушы қатысып жатыр

Республикалық олимпиада жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушыларының арасында өткізіледі.

Олимпиада 13 пән бойынша 4 кезеңде жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізіледі.

олимпиада

І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңге мектепте өз күшін интеллектуалды әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдың қараша айындағы мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 15 535 оқушы қатысқан.

Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ІІ кезең – аудандық (қалалық). Аудандық (қалалық) кезең былтыр 19-21 желтоқсан күндері аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 4 503 оқушы, оның ішінде аудан мектептерінен – 2 621 оқушы қатысты.

Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі (облыстық) 2024 жылдың 3-7 қаңтар күндері, 4 қаңтар І тур (екі бағыт бойынша), 5 қаңтар ІІ тур (екі бағыт бойынша), 6 қаңтар аппеляция (екі бағыт бойынша) Орал қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіледі.

Үшінші кезеңде жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 628 оқушы қатысуға сұраныс берді.

 Оның 279-і жаратылыстану-математика, 349-ы қоғамдық-гуманитарлық бағыты.

Олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысып жатқан 628 оқушының 297-і ауданнан, 78-і қала мектептерінен, 253-і облыстық мектептерден.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале