15.02.2022, 11:00
Оқылды: 183

Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі басталды

Кеше қаламыздағы №4 орта мектебінде жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші - қалалық кезеңі басталды. 14 пән бойынша өтетін олимпиада жаңа форматта - "1 оқушы-1 компьютер-1 камера" қағидасымен өткізілуде. 

IMG-20220215-WA0021

Оқушылар тапсырмаларды www.okulyk.kz платформасында орындайды.

IMG-20220215-WA0023

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін жергілікті «Дарын» өңірлік орталығының өкіліне, мүдделі емес «үшінші тұлғаға» «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) қатысуға құқық берілді.

IMG-20220215-WA0020

Сонымен қатар олимпиаданы онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Олимпиаданың өту барысын ата-аналар қалалық  білім беру бөлімінің youtube  каналынан тікелей эфирде бақылай алады.

IMG-20220215-WA0022

Айта кетейік, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектепішілік іріктеуден өткен 1300-дей оқушы қатысуға өтінім білдірді.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале