30.12.2021, 15:00
Оқылды: 201

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Үндістандағы Гоа штатында әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_91868

Роналдудың мүсіні Гоа штаты Калангут қаласында орнатылған. Алтын түспен жалатылған тас мүсіннің салмағы - 410 келі. Ал оны жасауға 16 мың АҚШ доллары жұмсалған.

"Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық", - деді Гоаның білім және технология министрі Майкл Лобо Twitter-дегі парақшасында.

Алайда жергілікті халық мүсін орнатылғанына наразы. Басылым мәліметінше, оның басты себебі 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале