18.10.2021, 12:35
Оқылды: 110

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кетті

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 425,25 теңгені (-0,58) құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021101812184934302_2021101811243653682_rukb

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 425,1-426,5 теңгеге, еуроны 492,9-495,9 теңгеге, рубльді 5,99-6,04 теңгеге сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 18 қазандағы сату-сатып алуда мұнайдың әлемдік бағасы өсті.

Қараша айында WTI мұнай фьючерстері 1,41%-ге артып, барреліне 82,86 долларды құрады.

Желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,07%-ге артып, барреліне $85,77-ге жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале