16.06.2022, 11:00
Оқылды: 84

Рубль экспансиясы: Отандық банктерге Ресей валютасын шетелге әкетуге рұқсат берілмек

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге ресейлік рубльді елден шығаруға рұқсат беруді жоспарлауда. Бұған Қазақстандық екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталуы себеп.

62aa9eb73bee6050769684

«Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалғаны байқалады. Бұл Қазақстаннан қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты», - делінген ҰБ хабарламасында.

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Оған сәйкес, қазақстандық банктерге осы жылдың 15 шілдесінен 31 тамызына дейінгі аралықта ресейлік рубльді шетелге әкетуге рұқсат беріледі.

«Жобада 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен әкетуге рұқсат беру көзделген», - деп хабарлайды Ұлттық банк.

Банктердің кассаларында 16 маусымға дейін жиналған қолма-қол ресейлік рубльді елден шығаруға болады.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале