15.04.2021, 16:20
Оқылды: 239

«Рухани жаңғыру» – байыпты бағдарлама

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске қосылғанына төрт жыл болуына байланысты «Ұлттың жаңғыруы – табысты ел болудың кепілі» атты онлайн конференция өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Батыс Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айгүл Түркина, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен меценат азаматтар қатысты.

96D79A11-4083-419C-ABA1-D6381C40E22C

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану заманындағы рухани кеңістігінің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Бұл мақала – ел дамуының нақты қадамдары көрсетілген келелі ой, батыл шешімдерге негізделген маңызды құжат. Батыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 мыңға жуық іс-шара өтті. Меценаттардың 5 миллиард теңгеге жуық қаражаты есебінен 650-ден астам жоба іске асырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ауымында сананы жаңғырту арқылы ұлттық болмыстан, ұлттық құндылықтан айырылып қалмай, бүкіләлемдік құндылықтармен үйлесімін тауып, Қазақстан игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдде көзделген. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген Елбасы ұлттың дамуы үшін рухани тұрғыда серпілуі маңызды екенін айтқаны белгілі, – деді Бақытжан Нарымбетов.

29266C3A-C7BB-4279-9C80-521B61D690DD

Өңірлік жобалық кеңсе басшысы Айгүл Түркина «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17 арнайы жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бағдарлама бойынша өңірде біраз игі іс атқарылуда. Соның бірі – 2017 жылы еліміз бйынша тұңғыш рет Орал қаласында «Рухани жаңғыру» мұражайының ашылуы. Мұражайдың ашылғаннан бастап, 16 мыңнан астам адам келген. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен прагматизм және ұтымды дағдыларды қалыптастыруға, қажырлы еңбек арқасында табысқа жеткен қазақстандықтарды насихаттауға, рухани құңдылықтарды нығайтуға бағытталған «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем – қоғам қуаты» атты төрт жаңа арнайы жоба ұсынылды. Аталған жобалар бойынша жүйелі жұмыстанудамыз», – деді Айгүл Түркина. Конференцияда М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Бекқали Бержанов, «Болашақ» қауымдастығының басшысы Салтанат Тұманбаева, БҚО ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының басшысы Дулат Мақатов тақырыпқа сай баяндама оқыды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүргізуге белсенді үлес қосқан бір топ азамат облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов атынан алғысхатпен марапатталды және оларға кітап сыйға берілді.

0CC57DE3-57B7-407E-8996-55634D87BB5E

 Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале