19.04.2021, 11:06
Оқылды: 168

«Рухани жаңғыру» орталығының жұмысымен танысты

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 4 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

C7308766-43D5-4426-AB7B-0FFEF32776AB

Университеттің «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух» тақырыбындағы іс-шараға БҚО «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Туркина мен өңірлік кеңсенің бөлім басшысы Ерасыл Галимов қатысты. Дөңгелек үстелде алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әріптестерін келген қонақтармен таныстырды.

A98C32CC-CB0C-4282-91C3-ACCA05BC584A

Іс-шара барысында облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Серікқызы, өңірлік кеңсенің бөлім басшысы Ерасыл Болатұлы сөз сөйлеп, жалпы өңіріміздегі бағдарламаның іске асу бағыттары мен басты жобалары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының доценті, ф.ғ.к. Венера Есенғалиева осы бағдарлама аясында университетімізде 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. БҚО «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Туркина оқу орнындағы орталықпен тәжірибе алмасу бағытында әріптестік байланысты нығайтуды ұсынды.

Дөңгелек үстел одан әрі өзара пікір алмасу, ойталқы кезеңімен жалғасып, шара қонақтарына «Рухани жаңғыру» музейін, оқу кабинеттерін таныстырумен қорытындыланды.

Университеттің медиа-орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале