31.05.2022, 9:00
Оқылды: 96

Руханияттың жанашыры

Алаш арыстарының бірі һәм бірегейі Ғұмар Қараш: «...Бізді бір ниет, бір тілекке жия-тұғын зат – газет, сол себепті газет – біздің басшымыз, газет – біздің достар алдында көркіміз. Дұшпандарға қарсы құралымыз, газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз» деп «Қазақстан» газетінің алғашқы санында жазған болатын. Ғұмар атамыз айтқан бәсі биік басылымдар маңызын әлі күнге жойған жоқ. Айтпағымыз, ғасырдан астам тарихы бар, ойлы оқырманы қалыптасқан облыстық «Орал өңірі» газетін қолдайтын азаматтар аз емес. Соның бірі – белгілі кәсіпкер, «Uniserv» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Сәтбаев.

66B741DB-72E3-46E1-B0B1-7D8487CE9DD2

Жомарттығымен Жайық жұртын тәнті еткен Нұрғазы Сәтбайұлы кешегі сақилардың сарқыты екенін дәлелдеп, әлеуметтік тұрғыдан қолдау-көмекті қажетсінетін  50 отбасыға «Орал өңірінің» биылғы жылдың екінші жартысы үшін 50 данасын жаздырып берді. Ұсынысымызды құп алып, рухани құндылықты жоғары бағалап, басылымға оң көзбен қараған айтулы азаматқа дән ризамыз.

Нұрғазы Сәтбайұлы – бір басылымның ғана емес, Оралдағы ордалы елдің жанашыры. Жетім-жесірді жебеп, ақынды демеп, жақынды жарылқап жүргенін жақсы білеміз. Солай болуы да  заңды сияқты. Себебі ағамыз әр қазақты жалғызындай көреді. «Жанам деген жүрекке от беріп», «Болам деген баланың белін буып», ұлттық рухтың жоқшысы болып жүрген Атымтай жомарттың, мерейлі меценаттың байырғы басылым «Орал өңіріне» де әлі талай шарапаты тиер деп ойлаймыз... Осындай ақ пейілді азаматтары бар қазақ ешқашан төрден ығысып, ұлт баспасөзі оқырмансыз қалмаса керек-ті. Ұлт ұпайын түгендеу үшін адал жүрек керек! Ондай жүрек Нұрғазы ағамыздың кеудесінде бүлкілдеп тұр! Бойға біткен батырлығымен Батыста қу құлқынның құлы болмай, ұлтының ұлы болған азаматтар көп болсын!.

Нұрғазы Сәтбайұлына «Орал өңірінің» ормандай оқырманы атынан алғыс жаудырып, ісінің берекелі болуын тіледік!

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале