24.06.2024, 10:02
Оқылды: 212

Садақ атудан Қазақстан командасы Түркиядағы Әлем кубогінде алтын алды

Садақ  атудан Қазақстан командасы Антальядағы (Түркия) әлем кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

8DCEF04A-5AB1-4FA4-9203-8306D7FF23A4

Сурет: Olympic.kz

Отандық мергендер блоктық садақ атудан аралас командалық жарыста алтын медаль алды. 

Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова финалда Ұлыбритания өкілдерінен басым түсті. 

Айта кетелік, Андрей Тютюн жақында өткен Азия кубогінде жеңіске жеткен болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале