Бүгін 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Партиялық тізімдер бойынша, дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлуге 6 саяси партия жіберілді. "Байтақ" жасылдар партиясы 5 пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Депутаттық мандаттар бөлініс нәтижесі:
Amanat партиясы - 40;
"Ауыл" партиясы - 8;
"Ақ жол" партиясы - 6;
Қазақстан халық партиясы - 5;
Respulica партиясы - 6;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4.
Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялаған еді.
Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.
18:0028.03.2023
Саяси кеңес бюросының отырысы өтті
16:0028.03.2023
БҚО мәслихат депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттардың "Қазақстан Халық банкі"АҚ-ы БҚФ мәліметтері негізінде сайлау жарналары туралы хабарламасы
20:0424.03.2023
Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
11:3120.03.2023
Шетелде дауыс беруге 8 800 ҚР азаматы қатысты
28.03.2023, 18:00
24.03.2023, 20:04
20.03.2023, 11:31