14.12.2023, 12:15
Оқылды: 75

Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы тыңдалды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Софья Ізмұханбетованың төрағалық етуімен «AMANAT» партиясы фракциясының жиналысы өтті.

фракция (3)

Аталмыш Фракция жиналысына Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық мәслихат депутаттары, партия Фракциясының мүшелері, облыстық басқарма басшылары, облыстық филиал қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Фракция жиналысының басты ерекшелігі «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің тармақтарының орындалуы туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің есебі тыңдалды.

фракция (5)

Нариман Төреғалиұлы аталмыш сайлауалды бағдарламада республиканың жаңа тарихи кезеңдегі дамуының негізгі бағыттарын белгіленіп, жоспар бойынша нақты қадамдар жасалып жатқандығын айтты. Облыс әкімінің мәліметі бойынша, 11 айда жол карталары шеңберіндегі биыл жоспарланған 122 іс-шараның 60 (48%) орындалып, 52 іс-шара (42%) орындалу сатысында.

фракция (4)

Сонымен қатар Жол картада айқындалған төрт басым бағытқа тоқталуды жөн көрді. Нәтижесінде «Өмір сапасын арттыру» бағыты бойынша 460 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгендігін, 2023 жылы жалпы ұзындығы 291 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткендігін, 1710 орындық 14 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі күнге 7 мектеп пайдалануға берілгендігін жеткізсе, одан өзге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 12 медициналық нысанның құрылысы жоспарланып, төрт ФАП және екі дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілгендігін айтты.

фракция (1)

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасына сәйкес БҚО-дағы 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол карталар) әзірленіп, облыс әкімі орынбасары және мәслихат төрағасының қатысуымен партияның Орталық аппаратында өзектендіріліп, облыстық филиал Саяси кеңесі бюросының қаулысымен бекітілген болатын.

фракция (2)

Жол картаның басты мақсаты сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

фракция (6)

Жиынға қатысушы, Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Әбенова «Өмір сапасын арттыру» бағытынан өзге «Кірістерді арттыру», «Өмір сапасын жақсарту», «Экологиялық жағдайды жақсарту» бағыттарына жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде  5,6 миллиард теңгеге 837 несие берілгендігін, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы бойынша 82 іс-шара өткізілгендігін, спорт саласы бойынша 26 спорт алаңы пайдалануға берілгендігін айтты.

Фракция жиналысының соңында төрағаның шешіміне сай, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің берген есебі қаперге алынып, биыл жоспар негізінде объективті себептерге байланысты орындалмай отырған тармақтардың жүзеге асып, жауапты мемлекеттік мекемелерге келесі жылы толықтай орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале