10.01.2021, 12:09
Оқылды: 146

«Сайлаудың бақылаушысы да талапқа бағынуы тиіс»

     Бүгін Орал қаласындағы Асан Тайманов көшесі, 135 мекенжайындағы Орал гуманитарлық колледжінің ғимаратында орналасқан 448 сайлау учаскесінде дау шықты. Жанжал сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушы арасында өрбіген.

20210110_093710

Аталмыш сайлау учаскесінің хатшысы Базарғали Кәдірғалиевтің айтуынша, таңғы сағат 06:10-да №448 сайлау учаскесіне бақылаушы болып келген «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Орынбай Оқасов бақылаушыға қойылған талап-міндеттерді орындамай, тәртіпсіздікке жол берген.

20210110_093706

- Орынбай Айтжанұлы сайлау учаскесіне кіргеннен бастап сайлау комиссиясының мүшелерімен, ұйымдастырушылармен агрессиялы түрде қарым-қатынас орнатты. Алдымен маған келіп тіркелуі тиіс болатын. Бақылаушылар арнайы ереже бойынша бекітілген құжаттар тізбесін  тапсыруы қажет. Яғни жолдама, жеке басын куәландыратын құжат, келіп тұрған ұйымның жарғысының көшірмесі болуы маңызды. Өйткені біз сайлаушылар мен комиссия мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне сол ережені таныстырамыз. Ережеде көрсетілген құжаттарды тексердік. Орынбай Айтжанұлының қоғамдық бірлестігінің жарғысының көшірмесі болды, бірақ мөрмен расталмаған. Сайлау бақылаушысына міндеттелген талап-ережемен танысудан бас тартты. Кіргеннен бастап тұмшасын үш мәрте мұрнынан иегіне түсіріп отырғанын байқап, ескерту жасадық. Содан ол сайлау учаскесінің төрағасы мен мені бейнекамераға түсіре бастады. Өздеріңіз білесіз, сайлау учаскесін бейнебақылауға түсіруге болады. Бірақ, сайлау комиссиясы мүшелерінің, түсіріп жатырған жеке тұлғаның рұқсатын алуы керек. Ол үшін алдымен ережемен танысып, қол қоюы қажет болатын. Одан кейін комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі келтіріп, телефонмен даурығып сөйлесті. Сосын біз сайлау бақылаушысына тиісті талап-ережелерді орындамағаны үшін хаттама толтырып, сайлау бақылаушысы қатарынан шығардық, - деді сайлау учаскесінің хатшысы Базарғали Әбуғалиұлы.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале