2.02.2023, 15:00
Оқылды: 71

Сайлауға жауапкершілікпен қатысуға шақырды

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күні Оралда «Сенің даусың маңызды!» атты облыс жастарының «Жас сайлаушылар» клубы мүшелерінің форумы өткендігін жазған болатынбыз.

9028D021-9C38-405F-B723-C7187F7DDC7C

Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, сайлау комиссиясының мүшелері, өңір жастары қатысты.

Бақытжан Хаберұлы Ақжайық жастарын сайлауға белсенді қатысып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

10

- Саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынады. Біз үміткерлерге дауыс береміз. Сайлау учаскесіне барған кезде қолдарыңызға бес бюллетень беріледі. Қалалық, облыстық, мәжіліс депутаттарын сайлау үшін дауыс бересіздер. Бес бюллетеннің екеуі саяси партияға, үшеуі кандитатқа дауыс беру үшін беріледі. Бұл туралы жастардың дені білмеуі мүмкін, сондықтан достарыңызға, замандастарыңызға сайлау науқаны туралы ақпарат берулеріңізді сұраймын. Бұл - тек саяси партиялардың ғана емес, кез келген үміткердің депутат қатарынан көрінуіне жол ашқан үлкен мүмкіндік. Жастардың көбі әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Демек әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдалануымыз қажет. Желі арқылы сайлау туралы өзгерістерді, заңнамаларды таратуды қолға алайық. Ал үгіт насихат жұмыстары 18-інші ақпанда басталады. Оған дейін ешқандай партия, үміткер насихат жүргізе алмайды. Бұл заңға қайшы. Сіздер оқу орнын аяқтаған соң үлкен өмірге қадам басасыздар. Елдегі саяси үрдістерден де хабардар болу қажетсіздер. Мемлекеттегі заңдарды шығаруға, әр қадамымызға нормативті акт жасайтын, бюджеттің орнымен бөлінуіне де ат салысатын халық қалаулылары. Алдағы бес жылда елдің тағдырын шешетін депутаттар. Сіздерді дұрыс таңдау жасауға, белсенді қатысуға шақырамын. Жастардың дауыстары болашаққа жасалған жаңа қадам, - деді жиында Бақытжан Нарымбетов.

9

Динара Насыр,
Суреттерді түсірген: Аида Оразова

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале