Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

«Сайлаушылардың 30%-ы келді»

Орал қаласындағы №40 мектепте сайлау комиссиясы қызу жұмыс істеуде. Бір қызығы, таңғы сағат 5:00-ден осында қолында аса таяғы бар ақсақал келген. Жалғызбасты қария сайлау науқандары кезінде осы ғадетінен ешқашан жаңылмайды екен. Президентті сайлау жөніндегі науқанның өту барысы туралы №465 сайлау учаскесінің төрайымы Әсем Бақытжанова хабарлады.

InShot_20221120_142421769
– Учаскенің ашылуынан бір сағат бұрын нысанды тексеріп шықтық. Сол кезде мүгедектік тобы тағайындалған қарияның ерте келгенін көрдік. Сайлау учаскесінің ашылуында әнұран орындалды. Сол кезде бірнеше тұрғын жиналып үлгерді. Осылайша белсенді үн қосып жатқан, бәрінен бұрын келген сайлаушыларға алғыс айтып, оларға сыйлық үлестірдік. Тұрғындардың көбі бейбіт өмірге, ел тыныштығына риза екендерін айтып, комиссия мүшелеріне ақжарма тілегін білдіруде. Сайлаушылардың «Мені ел тағдыры толғандырады, сол себепті келуге міндеттімін» деп пікір бөлісіп жатқандары қуантты. Бұл – бұрын-соңды байқалмаған соны леп, – деді Әсем Самиғоллақызы.
№465 сайлау учаскесіне 1838 адам тіркелген. Түске дейін олардың 30 пайыздайы келіп, өздері таңдаған кандидаттарға дауыс берді. Учаскеге отбасы мүшелерімен бірге түгел келгендер бар. Оған қоса екі дос жігіт келіп, тұңғыш рет дауыс бергендерін мәлімдеген.

IMG_20221120_142621
– Қазақстанымыз өркендей берсін! Бүгінге дейін бірде-бір сайлау науқанынан тыс қалмадым. Орал қаласының Сарайшық көшесінде тұрамын. Мен өзім таңдаған кандидатқа дауыс бердім. Осы жолы да зайыбымыз екеуіміз бірге келдік. Алдағы уақытта ел-жұрт болып сайлайтын Президент жастардың, зейнеткерлердің жағдайына назар аударып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлуі тиіс, – деді Кенжебек Ишенов.
№465 сайлау комиссиясының хатшысы Ақмарал Баетова сайлаушылардың белсенді қатысатынына сенімді. Ол заңбұзушылық дерегі тіркелмегенін хабарлады.
– Сайлау барысы бірқалыпты өтуде. Осымен төртінші мәрте осындай маңызды науқанды өткізуге атсалысудамын. Бір ай бұрын сайлау заңнамасының талаптары түсіндіру бағытында оқыту курсына қатыстым. «Аманат» партиясы, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігі, «Азаматтық альянс» ұйымының өкілдері және тағы бір белсенді байқаушы ретінде қатысуда, – деді Ақмарал Баетова.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале