15.12.2021, 9:40
Оқылды: 70

Сала еңбекторылары марапатталды

  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Атамекен» өнер ордасында «Тәуелсіздік – ел рухы» атты мерекелік іс-шара өтті. Білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер-ұстаздар, саланың үздіктері марапатталып, Орал қаласы білім беру ұйымдары өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, сонымен қатар 1991 жылы дүниеге келген жастар қатысты.

F66249CF-83B1-4B9F-8C51-F82913C45C45

Қала басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, келер ұрпаққа егемен елімізді, кең байтақ даламызды, халықтың тату-тәтті тірлігін әр қарай аманат ету, даму қарқынын бағыттап берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында білім саласында жеткен табыстар мен бәсекеге қабілетті болудағы білім сапасының өзектілігіне тоқталды.

AE543F51-1487-44F2-BF8F-39CE9FF964DD

Салтанатты шарада Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бір топ сала өкілдері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Ардагер-педагогтар мен үздік сала қызметкерлеріне БҚО әкімінің алғысхаты мен Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және алғысхаты, Білім басқармасының алғысхаты, Қазақстандық салалық және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Қазақстандық салалық және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының алғысхаты табыс етілді.

D8530828-2133-4C28-8D97-BB417B7BE81D

Мерекелік марапаттар легі арнаулы аталымдармен жалғасты. Тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының өркендеуіне үлес қосқан білім саласының үздіктері «30 жыл үздіксіз басшы», «Тәуелсіздікте танылған тұлға», «30 жылдық белес», «Тәуелсіздік қыраны», «30 жылда 30 жеңіс», «Тәуелсіздіктің алтын бапкері» арнайы аталымдарын иеленді. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы БҚО ұйымы Орал қалалық комитеті атынан сыйлықтар берілді.

Іс-шарада «Аманат», «Балалық шағымның аспаны», «Тәуелсіздік жетістіктері» бөлімдерімен мерекелік бағдарлама ұсынылды. Орал қаласы білім беру ұйымдары өнерпаздары өнер көрсетіп, жас жол сақшылары, пәндік олимпиада жеңімпаздары, спортшылар мен суретшілер сахнадан табылды.

 Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале