8.04.2021, 23:48
Оқылды: 171

Салауатты өмір салтын ұстанған өреннің өресі биік

Қауіпті дерт айналаны меңдеген уақытта деннің саулығын арттыру ерекше маңызға ие болып отыр. Соның ішінде бұқаралық спортпен шұғылдану, тұрақты түрде дене жаттығуларын жасау салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты тетігі болып саналады.

 спп

Әсіресе мектеп оқушылары арасында денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру, дене жаттығулары белсенділігінің денсаулыққа әсері, күн тәртібін дұрыс құру, таңертеңгілік гимнастиканы жасау бағытын ұғындыруда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне жүктелген міндет алуан.

Негізінен алғанда күн тәртібі адамның күнделікті қызметін, оқуы мен тұрмысын белгілеу мақсатында тәуліктік уақытты бөлумен ерекшеленеді. Бір тәулікте істелетін іс-әрекеттердің ретін күн тәртібіне сай орайластыру адамның жоғары мәдениеттілігін көрсетеді.

Уақытымен ерте тұру, жаттығу, еңбек ету, ойнау, тынығу, тамақтану, ерте ұйықтаудың адам денсаулығына пайдалылығын мектеп оқушылары жете түсінеді.

Әр адамның өзінің «ішкі сағаты» болады. Ол биоырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады. Егер кез келген адам күн тәртібін сақтайтын болса, биоырғақ еркін демалуға, келесі күнді бастауға күш жинауға көмектеседі. Күн тәртібін сақтаған адам ғана қиындықты оңай жеңеді.

Осы бағытта мектебіміздің өнер бағытындағы 7 «г» сыныбындағы қыздар тобының дене тәрбиесі пәніне деген ықыласының жоғары екендігін айта кеткен жөн. Топта 13 оқушы бар. Олардың дені онлайн форматта, яғни өткен жылдың қырқүйек айынан бері қашықтан оқу үстінде. Қашықтан оқу үрдісін меңгере білген оқушылардың қай-қайсысы да өте белсенді. Тапсырмаларды тыңғылықты орындап, сауаларға да толыққанды жауап қайтарып отырады. Жаттығулар жасап, видеоларын да уақытылы жолдайды.

Бүгінгі қоғамның бас ауруына айналған коронавирусты жеңу жолында дене тәрбиесі пәні мұғалімдері ұстанған бағыт – жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын үйрете түсу, бұқаралық спортпен шұғылдануға қолдау көрсету.

 

Ыбырай Үбішев,

облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатының

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале