22.09.2026, 9:30
Оқылды: 10

Салмақ тастағысы келетіндерге өте пайдалы: асқабақтың қандай көмегі бар?

Асқабақ ішек жұмысын жақсартып, ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі. Бұл туралы терапевт әрі диетолог Елена Устинова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

photo-output

Сурет: massaget.kz

Маманның сөзінше, 100 грамм асқабақта шамамен 22 килокалория және 4 грамм жасұнық бар. Бұл ас қорытуға пайдалы әрі ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі. Әсіресе, салмақ тастағысы келетіндер үшін бұл өте маңызды. Сонымен қатар, асқабақтың пайдасы құрамындағы каротиноидқа байланысты. Олардың бір бөлігі ағзада А дәруменіне айналады.

 Дәрігер асқабақты дайындау кезінде май, қант, кілегей немесе ірімшік көп қосылса, тағамның калориясы айтарлықтай артатынын айтты.

Маман тағамның калориясын төмен деңгейде сақтау үшін асқабақты пеште пісіруге, бұқтыруға немесе буға дайындауға кеңес берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале