20.03.2023, 11:00
Оқылды: 65

Санкт-Петербургте информатикадан өткен олимпиадада Қазақстан Қорғаныс министрлігінің курсанттары үшінші орын алды

Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті, деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігі.

73c58b763de06a77bec8bd400fd17234_1280x720

Армия генералы А. В. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.

– Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті, – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.

Олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттары бар қазақстандық команда Өзбекстан (екінші орын) және Ресей (бірінші орын) бағдарлама әзірлеушілерінен кейінгі үшінші орынға табан тіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале