14.04.2023, 11:45
Оқылды: 60

Санжар Мәди Netflix-те көрсетілетін фильмге түсіп жатыр

Қазақстандық актер Санжар Мәди Netflix-тің (фильмдер мен сериалдарға арналған танымал америкалық стримингтік сервис) жобасына түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ff5610b2-572d-4f0c-a920-20f55dc3b27f

Бұл туралы актердің өзі Tengri Life-қа растаған.

"Иә, бұл Темірлан туралы жоба. Мен Жасурдың рөлін сомдаймын. Сюжет бойынша ол бір кездері Темірланды құтқарып қалған, кейінірек оның жақын досы әрі серіктесі болады. Түсірілім мамырға дейін болады. Өзбекстаннан, көне Хиуа қаласынан бастадық", - деді актер.

Актер жобаның қашан платформаға шығатыны туралы ақпаратты білмейтінін айтты.

Мұның алдында Санжар Мәди түсірілім кезінде фотосын бөліскен.

Санжар Мәди 1986 жылы тамызда туған. Ол "Сказ о розовом зайце", "Алтын Орда", "Әміре" және тағы басқа фильмдерге түскен.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале