20.05.2021, 23:34
Оқылды: 281

Сапалы тұқым – сан соқтырмас

Жуырда «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы» ЖШС-ның егістік алқабында болып, егін егу науқанының барысымен таныстық. Көктемгі далалық жұмысын аяқтай келген станса қызметкерлері арқадағы ауыр жүкті бір еңсергендей күй кешуде. Серіктестіктің басқарма төрағасы Серік Аманжолов айтып өткендей, мұндағы 27 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы күзде жер жыртып, технологиялық талаптарға сай игеруге зор мүмкіндік беруде. Қыста қар тоқтатып, көктемде ылғал сақтау мақсатында тиісті іс-шаралар атқарған. Биыл алқапта ылғал жақсы болғандықтан, ғалымдар күзде мол өнім алатындарына үміт артып отыр. Жазғы бидай 1400, арпа 1500, сұлы 240 гектарға, сонымен бірге тары, ноқат, көп жылдық шөптер де егілуде. Аталмыш станса ғалымдарының араласуымен былтыр облыста 5 дақыл бойынша жергілікті ауа райына бейімді 6 сорт аудандастырылған.

1 (53) (1)

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 21 мамырдағы №41 санындағы журналист Ясипа Рабаева дайындаған «Сапалы тұқым – сан соқтырмас» атты материалдан оқып біле аласыз, қадірлі оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале