17.11.2022, 14:45
Оқылды: 89

«Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті

Бүгін Оралда «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

1 (20)

«Сайлау - 2022: жаһандық сын-қатерлерге жауап» тақырыбымен өткен басқосуға саясаттанушылар мен қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары қатысты. Жиында кезектен тыс президент сайлануы тақырыбында пікір алмасты. Мұнымен қоса алдағы сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

- «Sarap» эксперттік клубы Қазақстан қоғамдық даму институтының жанынан құрылды. Күні кешеге дейін Тараз, Шымкент, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Алматы сынды қалаларды аралап, елдегі  мәселелер, реформалар, президент сайлауы сынды саяси процестер қалай жүзеге асып жатқандығынан хабардар болдық.

сарап

Жергілікті сарапашылармен, қоғам белсенділерімен, журналистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылармен реформалар қалай орындалуы керек? Қандай мәселелер бар?  Барлығын талқылап, талдап,  билік өкілдеріне жеткізу мақсатымыз. Әлемдік дүрбелең немесе аймақтық қақтығыс кезінде мемлекетте ішкі саяси тұрақтылықты қалай сақтау керек, қақтығыстар халыққа қалай әсер етеді, қандай әлеуметтік мәселе мазалайды, сарапқа саламыз. Шешу үшін ұсыныстар дайындаймыз.

Бүгінгідей геосаяси ахуал күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағына, жасампаз қоғам құруға, қоғамдық консолидацияға бағытталған нақты істер маңызды. Еліміздегі реформалар мен атқарылып жатқан іс-шаралар да осы мақсатқа негізделген, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы,саясаттанушы Бауыржан Серікбаев.

1 (15)

Кездесуде сарапшылар сайлауға қатысты пікірлерін білдірді.  Сайлаудың саяси жүйедегі рөлі, саяси науқан барысындағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

 

Динара Тілекқызы,

Суретке түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале