16.08.2023, 17:15
Оқылды: 111

Сарбаз хаты: «Әскерде жүріп болашаққа үлкен жоспар құрып қойдым»

Ардақты әке, аяулы ана, қалдарыңыз қалай? Мен сіздерге Орал шаhарында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінен ыстық сәлемімді жолдағалы отырмын.

05f527b2-d104-4bbf-b54b-be8b1f3465c4

Ардақтыларым! Ұлдарыңыз ел қорғап, Отан алдындағы борышын атқарып жүр. Міне жаңа ғана тәуліктік кезекшіліктен босап отырмын. Кезекшілікте жүргенде сіздерді сағынып, ауылым алтын бесігім есіме түсіп, қолыма қалам алдым. Әрине қазір әскерде сарбаздар үшін барлық жағдай жасалған. Апта сайын қоңырау шалып өздеріңізбен сөйлесіп жүрмін ғой. Бірақ сол өздеріңізбен сөйлескенде бірдеңе сұрауды немесе айтуды ұмыта бергендіктен ойымды асықпай қағаз бетіне түсіргенді жөн санадым.

Бұрын соңғы орталарыңыздан алыстап шықпағаннан кейін де болар өздеріңізді қатты сағындым. Әкешім, сіздің тәрбиеңіз бен ақылыңыздың көмегі әскери өмірде нәтижесін беріп жүр. Анашым, сізге әрине қиын. Бір жыл балаңызды уайымдап күту оңай емес.

Бірақ әскерге барып қызмет ету менің Отан алдындағы борышым. Балалықпен қанша бұзықтық жасасам да, мені түсініп, әрқашан қолдау көрсеттіңіздер. Осы үшін сіздерге алғысым шексіз.

Менде бәрі жақсы. Әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп, әскери тәртіпке де үйреніп қалдым. Менің сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Өткен аптада әскери бөлімде «Үздік сарбаз» атанып, әскери бөлімнің таралымында мемлекеттік туды көтеру мәртебесіне ие болып, әскери бөлімнің барлық жеке құрамының алдында мемлекеттік туды көтердім. Сол сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әке, ана әзірге мендегі жаңалық осындай. Өздеріңді қатты сағындым. Әскерде қолымыз босай қалса өзімізге қатты ұнайтын «Анашым» «Ауылым» әндерін орындап сағынышымызды басып жүрміз. Әскерде жүріп болашаққа үлкен жоспар құрып қойдым. Оны келгеннен кейін айтып берермін. Баршаңызды құшақтадым. Ауылдағы бауырларым мен достарыма сәлем айтыңыздар!

 

Ұлдарыңыз: Рыскелді Тәжіғұлов

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале