13.09.2026, 21:09
Оқылды: 33

«Сарбаз жолы»: 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қаласындағы Жеңіс алаңында 20 жасты әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

IMG-20260913-WA0837

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Айтулы шара Абай облысынан бастау алған «Адал азамат — Сарбаз — Отан қорғаушы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобының өкілдері, әскери қызметшілер мен ардагерлер, жастар және ата-аналар қатысты.

IMG-20260913-WA0841

IMG-20260913-WA0823

Облыс әкімі айбынды әскер мемлекеттің берік қорғаны екенін айтып, абыройлы борышын өтеуге аттанып бара жатқан бозбалаларға сәттілік тіледі.

IMG-20260913-WA0831

- Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс қабілетін күшейту жөніндегі тапсырмасы өңірде де жүйелі орындалып жатыр. Отан қорғау – еліміздің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір әскери борышын адал өтеп жатқан азаматтардың ғана емес, барша қазақстандықтың қастерлі борышы. Бұл тұжырым халық болып қабылдаған жаңа Конституциямызда да айқын көрініс тапты, - деді Нариман Төреғалиев.

IMG-20260913-WA0829

IMG-20260913-WA0834

ҚР Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары Амангелді Тоғысов әскери тәртіп, әлеуметтік кепілдік және мерзімді әскери қызметшілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

IMG-20260913-WA0839

Салтанатты шарада әскерге аттанғалы тұрған жігіттерге аға буын ақ батасын берді. Болашақ сарбаздарға жаңа Конституция жинағы тапсырылды. Бозбалалар ендігі кезекте Ұлттық Ұланның Алматы қаласындағы №5571 әскери бөлімінде бір жыл қызметте болады.

IMG-20260913-WA0825

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан басталды. Науқан барысында 600-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале