16.12.2023, 17:31
Оқылды: 123

Сарбаздармен Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық кеш өтті

Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Тәуелсіздікке жету жолында, қазақ халқының жүріп өткен жолдары мен іздері тарихта өшпес өнеге болып сақталып қалары анық. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл күн мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты құнды мереке болып қала бермек.

IMG-20231216-WA0095
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлім сарбаздарымен мереке қарсаңында «Тәуелсіздік – ұлы құндылық» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Іс-шараға Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Назгүл Насиболла мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы, журналист Мұнайдар Балмолда келіп қатысты.
Сарбаздармен өткізілген іс-шарада 5517 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталағының бастығы, лейтенант Шынар Отарбаева баяндама жасап, ел Тәуелсіздігінің тарихына көз жүгіртіп, Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Шара барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын жазушы, журналист Мұнайдар Болмолда сөз алып Тәуелсіздік және өз шығармашылығы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар осы тақырыпқа орай сарбаздарға бейнебаян ұсынылды. Кездесу барысында «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі қойылып, сарбаздар Тәуелсіздік туралы ән орындап, өлең оқыды.
Осы күні, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық және әдеби кештер өткізіліп, жеке құрамға Тәуелсіздіктің құндылығы мен маңыздылығы жеткізілді.

IMG-20231216-WA0094

Еліміздің Батысындағы Ұлттық ұлан әскері Тәуелсіздік күнін ең бағалы мейрам күні деп, құрметпен қарайды. Олардың ойынша, әрбір әскери қызметші өзінің әскери борышып адал орындаса, еліміздің және әскеріміздің әлеуеті жақсара түседі, соның арқасында Тәуелсіздігіміз нығаяды, себебі Ұлттық ұлан әскері – Тәуелсіздігіміздің тірегі деп біледі.

Ертуған Әубәкір ,
капитан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале