БҚО әкімі Ғали Есқалиев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
28 Маусым 2022

БҚО әкімі Ғали Есқалиев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді
28 Маусым 2022

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді

Смайылов БАҚ  өкілдеріне: Бірлескен күш-жігеріміз Үкімет жұмысын тиімді етеді
28 Маусым 2022

Смайылов БАҚ өкілдеріне: Бірлескен күш-жігеріміз Үкімет жұмысын тиімді етеді

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
28 Маусым 2022

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Журналист болғың келе ме?
28 Маусым 2022

Журналист болғың келе ме?

Баланың тәрбиелі болуы отбасынан
28 Маусым 2022

Баланың тәрбиелі болуы отбасынан

Сарқанда қоқыстан мәйіті табылған қыздың анасы 2 айға қамауға алынды

Сарқанда қоқыстан табылған қызды анасы өзінің ағасымен бірге қылқындырып өлтірді деген күдікке ілінді. Олар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сарқан аудандық сотына сілтеме жасап.

10

Осы жылдың 8 ақпанында күдікті әйел өзінің ағасымен бірге таксимен қызын алып келе жатып, жолдан түсіп қалған. Сол кезде ағасына туғаннан аурушаң және арнайы есепте тұрған баласын қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып оны өлтіру туралы ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын жеткізген. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, баланы өлтіруге алдын ала сөз байласқан. Жас баланы өлтіру ойын іске асыру үшін қала сыртында орналасқан, бұрынғы зауыт маңындағы қоқыс төгетін жердің еңісіне қарай түсіп, дәрменсіз баланы жерге жатқызып қылқындырып өлтірген. Баланың бақилық болғанына көз жеткізіп, мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды»,- делінген Сарқан аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Сарқан аудандық сотында күдікке ілінген нәрестенің анасы мен оның ағасына қатысты бұлтарпау шарасын анықтау туралы іс қаралды. Сотқа дейінгі тергеп - тексеру органы соттан аталған азаматтарға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды санкциялауды сұраған.
Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады.
«Сотта қатысушыларды тыңдап, күдіктілерді 2 айға күзетпеу ұстау түрін санкциялау бойынша қаулы шығарды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, 18 мамыр күні Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың мәйіті қоқыстан табылғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале