9.09.2021, 15:43
Оқылды: 92

Сауд Арабиясында сұңқар рекордтық  472 500 долларға сатылды

Сауд Арабиясында өткен аукционда сұңқардың бағасы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail-ге сілтеме жасап.

сс
Сауд Арабиясында 14 елдің жетекші селекционерлерінің қатысуымен өткен сұңқар өсірушілердің халықаралық аукционында АҚШ-тан әкелінген ақ сұңқар сатылды.

Жыртқыш құс бір жасқа толмаған, салмағы 700 грамм, ал ұзындығы 40 сантиметрден аспайды. Бұл жануар әлемдегі ең жақсы сұңқар өсіруден танымал болған американдық Northwest Falcons фермасынан әкелінген.

Айта кеткен жөн, Таяу Шығыста сұңқармен аң аулаудың ұзақ тарихы бар: Парсы шығанағы аймағында сұңқарға иелік ету мәртебелі символ болып саналады, ал құстар көбінесе бай және ықпалды адамдарға беріледі.

Алайда бұл сомаға сұңқар бірінші рет сатылды. Тұтастай алғанда, Сауд Арабиясында 20 мыңнан астам сұңқар бар, құстар соншалықты құрметке ие, сондықтан 2017 жылдың шілдесінде аңшылар қауымдастығын құру туралы Сауд Арабиясы королінің жарлығы шығарылды.

Сондай-ақ бұл ел сұңқарларды жойылып кетуден қорғау үшін халықаралық конвенцияларға да келіскен.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале