28.11.2023, 10:45
Оқылды: 41

Сауда мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленген

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сауда биржаларын дамыту мәселелері туралы баяндады.

bff7dcda-eaf9-47b2-91b1-4f177c1be5f8

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін биржалық сауда мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленген.

Онда биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды күшейту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмау және бизнес үшін тауар биржаларына шығу бойынша кедергілерді жою шараларын қарастырады.

Бұдан басқа, көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімін сату конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалатын арнайы тізбеге енгізілген тауар биржаларында ғана жүзеге асырылады.

Бұл аталған тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де тауар ағынын бақылауға мүмкіндік береді.

Биржаға шығуды ынталандыру ретінде:

отандық өндірушілер үшін – ҚҚС төлеу кезінде есепке алу әдісін қолдану;

Ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін;

ҚТЖ-мен бірлесіп, биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған теміржол тарифтерін қайта қарау ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале