4.07.2023, 16:45
Оқылды: 62

Сахна төрінде –  40 жыл

Жуырда Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен  залында ҚР Мәдениет қайраткері,  «Ерен  еңбегі  үшін»  медалінің  иегері, дәстүрлі  әнші Сағадат Рахметжановтың «Сахна – осы  біздің  киеліміз»  атты  шығармашылық  кеші өтті.

639160c7-59ba-419d-b107-7e02f6774b33

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген кеш иесі Сағадат Рахметжановты арнайы құттықтап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхаты мен ықылас гүлін табыстады.

Киелі сахнада қырық жылдай өнер көрсетіп, қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп жүрген әнші Мұхиттың «Үлкен айдайын», халық әні «Тілеуқабақ», Қызылдың әні «Мешін тауықты», Қиса Қабжанның және тағы да басқа халық әндерін орындады. Сондай- ақ әнші  қасиетті домбырамен  тек  ән шырқап қоймай, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат мұра болып жеткен әр әннің тарихына тоқталып, көрерменге мәлімет беріп отырды.

Сағадат Рахметжанов – ән  өнеріне ықылас танытқан жастарды тәрбиелеп жүрген ұстаз. Шығармашылық кеште әншінің шәкірттері, өнердегі сыйлас інілері «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров, Еркін Өтегенов, республикалық конкурстардың лауреаттары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Фархат Оразов,

республикалық конкурстардың лауреаттары Аслан Ғұмаров, Сиғбатолла Ешкаев, Қарлығаш Мұхитова және басқалар өнер көрсетіп, халықтың ыстық  ықыласына  бөленді.

  Гүлжамал Кенжеғалиева

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале