31.05.2022, 17:14
Оқылды: 289

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Соған орай Орал қаласындағы қалалық бейітте кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған іс-шара өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен қала тұрғындары қатысты.

4A65BF74-AD5C-4338-9A20-8AFAC899CB68

Алдымен Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов марқұмдардың аруағына дұға бағыштады. Содан соң Настоятель Спасо-Преображенского прихода – Владимир әкей христиандық діни рәсім-жоралғысын орындады. Жиналғандар ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды.

9CA37E45-DDDA-4F3E-B5A9-C8D6019B6A8F

– Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым етудеміз. 1920-1950 жылдар– қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі. Олай дейтін себебіміз, Кеңес билігінің ұлттарға қарсы жүргізген саясатының, тоталитарлық жүйенің озбырлығының кесірінен сол кездегі Кеңес халықтары, соның ішінде қазақ халқы зардап шегіп, зұлматты жылдарды басынан өткерді. 1921-1922 жылдардағы, 1932-33 жылдардағы ашаршылық нәубеті, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер қазақ халқын үлкен шығынға ұшыратты. Асыра сілтеудің халқымызға алып келген басты зардабы – адам шығыны еді.Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары жазаланды. Саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында өңірімізде комиссия құрылды. Былтырдан бері БҚО полиция департаментінің мұрағатында зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Сол мұрағаттан  8594 құжат таптық. Құжаттар  40 мыңнан астам өңір тұрғыны саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болғанын дәлелдейді. Солардың есімдерін халыққа жариялау – жазықсыз жапа шеккендерді ақтаудың бір түрі. Сондықтан олардың есімдерін болашақта жариялайтын боламыз, –  деді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров.

EA55BE36-FDDF-4ED7-916A-D1391226D6B0

Айта кетсек,  1927-1953 жылдары елімізде 125 мыңнан астам адам саяси қуғынға ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылған.

B0482AAD-B89B-4ECF-AFE1-83212E1B99FB

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале