27.04.2026, 12:30
Оқылды: 6

Семсерлесуден ел чемпионаттарындағы алғашқы жүлде

Астана қаласында семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сында өңір намысын қорғаған Ирина Бакалдина жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұд өңір семсерлесу тарихындағы ел чемпионататрындағы алғашқы жүлде.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 11.17.13
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам үздік спортшы қатысқан ұлттық біріншілікте бәсеке деңгейі жоғары болды. Осындай тартысты додада Ирина Бакалдина шеберлігі мен табандылығын танытып, жарыс барысында сенімді өнер көрсетті. Ол қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп, финалға дейін жетткенімен ақтық сында жолы болмады.
Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі нәтижелер спортшының алдағы халықаралық жарыстарда да табысты өнер көрсетуіне мүмкіндік береді. Ирина Бакалдинаның бұл жетістігі өңір спорты үшін де үлкен мерей. Енді бұл спортқа бет бұрған жастар саны арта түссе нұр үстіне нұр болар еді.

 

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале