27.12.2022, 12:46
Оқылды: 148

Сенат депутаттығына үміткер жаңақалалық халық қалаулыларымен жүздесті

Бүгін Парламент Сенатына біздің өңірден үміткер ретінде өз өзін ұсынып, тіркеуден өткен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов Жаңақала ауданында болып, мәслихат депутаттарымен кездесу өткізеді.

16

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

- Арман Кәрімұлының есімі баршаңызға жақсы таныс деп есептеймін. Ол еңбек жолын шағын ғана ауылдан бастап, мықты өмір мектебінен өтіп, бірқатар жауапты қызметтер атқарып келе жатыр. Сондықтан бұл үміткерге өңірдің соның ішінде аудан-ауылдың өзекті мәселелері жақсы таныс. Сол түйіткілдердің тиісті деңгейде шешілуіне өз білімімен, тәжірибесімен атсалысады деген сеніміміз мол,- деді кандидаттың сенімді өкілі, мәдениет саласының ардагері, салалық кәсіподақ төрағасы Айдар Батырханов.

Басқосуда сөз алған үміткер Арман Кәрімұлы өз сайлауалды бағдарламасына тоқталып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Жаңақалалық депутат Ерсайын Мұқамбетжанов өзен-көлдерге су жеткізу, ауыз суға деген ысарапшылықты азайту үшін бағасын өсіру, оған қосымша субсидия төлеу туралы айтты.

Ауылдағы ағайынның айтқан ұсыныс-пікірін қолдаған Арман Кәрімұлы болашақта шешімін табу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале