1.11.2026, 17:30
Оқылды: 3

Сенегалда тарихта алғаш рет Африка құрлығында IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды

Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympickz.

IMG_20261101_181935_762

Фото: olympickz

Бұл дүбірлі дода тарихта алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылып отыр.

​Ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек алып шықты. Екеуі де 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары атанған. Сонымен қатар Фатима Сұпығалиева 2026 жылы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған еді.

​Биылғы жасөспірімдер Олимпиадасына 2000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен жүлде үшін таласады.

​Айта кетейік, Дакар-2026 ойындарына қатысушыларды анықтау тәртібі өзгерді. Бұл жолы дәстүрлі арнайы іріктеу жарыстары өткізілген жоқ. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық олимпиадалық комитеті халықаралық спорт федерацияларымен бірлесіп, арнайы талаптарға сәйкес үлестірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале